Колумбияда коронавирустан көз жұмғандар саны 50 мыңнан асты

Колумбияда коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны 50 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия басталғаны бұл кеселге 2 млн-нан астам адам шалдыққан екен. Жергілікті билік елде аурудың екінші толқыны белең алғанын хабарлайды. Қазір шағын шаһар ауруханаларында бос орын тапшы. Мамандар халыққа санитарлық талаптарға немқұрайлы қарамауға шақырады. Ел президенті болса елге Pfizer компаниясының вакцинасы ақпан айында жететінін мәлімдеді. Десе де, тұрғындарды босаңсымауға үндеді.