Сауд Арабиясында Pfizer вакцинасын қолдану уақытша тоқтатылды

Сауд Арабиясында Pfizer компаниясы өндірген вакцинаны егу жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған препараттың аймаққа уақытылы жеткізілмеуі себеп болып отыр. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осылайша, Корольдікте вакциналаудың екінші кезеңі жоспарланған мерзімінде жүзеге аспайтын болды. Жергілікті билік шараның басталу уақытын жақын арада хабарлайтынын айтты. Сауд Арабиясында жаппай екпе егу желтоқсанның 17-інде басталған еді. Бүгінде вакцина қабылдауға ниетті 2 млн-нан астам адам кезекте тұр.