Ұлыбритания сауық кештеріне қатысқандарға айыппұл салады

Ұлыбританияда жеке меншік үйде сауық кешіне қатысқандарға 800 фунт стерлинг мөлшерінде айыпұл салынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – 460 мың теңгеге шамалас сома. Осы ережені бұзып қайта ұсталса, әр сайын айыппұл мөлшері екі есе артады. Осылай ең жоғары деңгейі 6400 фунт стерлингке жетуі мүмкін. Жалпы соңғы кезде елде індет дендеп кетті. Коронавирус мутацияланып, британиялық жаңа штамы пайда болды. Ол әдеттегілерден гөрі тез тарайды екен. Бейсенбі күні Ұлыбритания аумағында коронавирус дертінен 1290 адам қайтыс болды. Ал осы кезге дейін елдің бес миллион тұрғынына екпе салынды. 

Прити Пател, Ұлыбритания ішкі істер министрі:

– Бұл айыппұл 15 адамнан артық жиналған кешке қатысқандарға салынады. Осы жауапсыздық қылықтары тек айналасындағы адамдарға ғана емес, осы сауық кештерін доғартуға келген біздің полицейлеріміздің денсаулығына да қауіп төндіреді.