Германияда бір тәулікте 16 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Германияда бір тәулікте 16 417 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Жалпы елде пандемия уақытында барлығы 2 122 679 адам COVID-19 жұқтырған.

Бұл мәліметтерді Роберт Кох институты келтіріп отыр.

Германияда бір тәулікте 879 науқас, ал барлығы 51 521 адам коронавирус көз жұмған.