Бельгия билігі 27 қаңтардан бастап міндетті емес сапарларға тыйым салды

Бельгия билігі 27 қаңтардан бастап міндетті емес шетелдік сапарларға 1 наурызға дейін уақытша тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирустың тез жұққыш жаңа штамдары анықталған Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы және Оңтүстік Америка елдерінен келушілер 10 күндік карантинге жабылады. Кез келген жиналыс пен той-домалақ өткізуге болмайды. Ғибадатханалардың жұмысына да шектеу қойылды.

Александр Де Кро, Бельгияның премьер-министрі:

- Бельгияның ішінде жүріп-тұруға да, сыртына шығуға да тыйым салынды. Осылайша, шетелден әкелінетін індеттің таралуына кедергі жасамақпыз. Соңғы апталарда вирустың жүріс-тұрыс кезінде көп жұғатынын көріп отырмыз. Енді шекарадан асатын кез келген адам сапарының қаншалықты маңызды екенін дәлелдеуі керек.