Гонконгта 10 мың тұрғын карантинге жабылды

Гонконг үкіметі Цзюлун түбегіндегі аймақта локдаун жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергіліктің биліктің мәлімдеуінше, карантин 48 сағат ішінде тұрғындардан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін енгізілген. Осыған байланысты 10 мың тұрғынның сыртқа шығуға тыйым салынды. Гонконгта тұтас ауданда локдаун алғаш рет жарияланып отыр. Індет тараған аймақта осы айда 162 адам COVID-19 жұқтырған.

Каспар Цуй, Гонконгтың ішкі істер хатшысы:

- Әр тұрғыннан тест алу ісін тез жүргізуге барымызды саламыз. Біздің мақсатымыз – аталған аймақтағы індет жұқтыру жағдайын толық ауыздықтау.