Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Францияда ауылдағы жануарлардың қатты дыбыс шығарғанына рұқсат беретін заңға қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді әтештің шақыруына, үйректің бақыруына ешкім кедергі жасай алмайды. Бұрын шаруалар қорасындағы жануары шуылдаса, сот алдында жауап беретін. Бір тұрғын қаз өсіретін көршісінің үстінен шағым түсіргені жайлы бірнеше оқиға тіркелген еді. Ақыры бұл іс Сенатқа жетіп, арнайы құжат қабылдауға тура келген. Аталған заңда «Сиырдың мөңірегені, трактордың гүрілдегені – Францияның табиғи мұрасы» деген түсініктеме берілген.