419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Капитолийді күзеткен 200-дей сарбаз коронавирус жұқтырды

  • 208
АҚШ-та Капитолийді күзеткен 200-дей сарбаз коронавирус жұқтырды

Вашингтонда Капитолийді күзеткен Ұлттық ұлан сарбаздары коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

25 мың әскер Конгресс ғимаратына шабуыл жасалғаннан кейін және президент Джо Байденді ұлықтау рәсімінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еді. Аты-жөні құпия сақталған жоғары лауазымды бірнеше шенеунікке сілтеме жасаған Рейтер агенттігінің хабарлауынша, 200-дей жауынгердің коронавирусқа тапсырған сынамасынан вирус шыққан. Науқастар індеттің симптомпсыз түріне шалдыққан. Осыған байланысты Сенат комитеті тексеруді бастады. Әзірге америкалық Ұлттық ұланның өкілдері ешқандай түсініктеме бермеген. Қаңтар айының аяғына дейін 15 мыңға жуық сарбаз Вашингтоннан әскери бөлімдеріне оралуы керек.

Хабар 24 телеарнасы