Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

Түркияға бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасын қамтыған бірінші партиясы өткен жылдың аяғында келген болатын.

Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллиондайы коронавирус жұқтырған.