Колумбияда 5,1 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Жерасты дүмпулері көптеген облыстың тұрғындарына, соның ішінде астанасы Боготада сезілді, деп хабарлайды ria.ru.
Елдің сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпулері 30 километрден аз тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Барайя елді мекеніне жақын жерде орналасқан.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.