COVID-19: Польша дәрігерлері Словакиядағы әріптестеріне көмекке келді

200-ден астам маман шекаралық аймақтағы адамдардан сынама алып, тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

26 қаңтардан бастап індет жұқпаған тұрғындар ғана жұмысқа шығады. Жалпы Словакияда Рождество алдында қатаң карантин мен коменданттық сағат енгізілген еді.

Войчех Плебанек, Польша дәрігері:

– Біз Словакияға өз ниетімізбен келдік. Осындай қиын кезде көршілерге қол ұшын созған дұрыс деп есептейміз. Біздің де басымызға күн тууы мүмкін.