Португалияда коронавирусқа қарамастан президент сайлауы өтуде

Дауыс берушілерге бетперде тағу, 2 метрлік арақашықтық сақтау және әр адамға жеке қалам беру сияқты талаптар қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптада зерттеу институты жүргізген сауалнамада халықтың үштен екісі сайлауды кейінге шегеру қажет деген еді. Әлеуметтанушылар сайлаушылардың 70 проценті қалыс қалады деп болжайды. Себебі мыңдаған тұрғын қазір карантинде. Сарапшылардың жорамалы бойынша сайлауда қазіргі президент 72 жастағы Марселу Ребелу де Соуза жеңіске жетуі мүмкін. 10 миллион тұрғыны бар Португалияда жаңажылдық мерекелерден кейін індет қатты ушығып кеткен еді. Кеше ғана бұл елде 274 адам ковидтен көз жұмып, 15 мыңнан астамы вирус жұқтырды.

Хосе Куеда, сайлаушы:

– Сайлаудың өткені дұрыс, бірақ мерзімін өзгерту керек еді. Көп кісі жиналмай тұрып, дауыс беріп кетейік деп ерте келіп алдық. Себебі өзімізді ғана ойламаймыз. Өзгелердің де денсаулығына алаңдаймыз.