Нидерландта коменданттық сағатты бұзғандар жазаланды  

Нидерландта бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді. Бірінші түні тәртіп бұзған 25 адам қамауға алынды.

Урк ауылындағы жастар коронавирусқа тест тапсыратын ғимаратты өртеген. Бұзақылар полицейлерге жанғыш заттар пен тас лақтырып, бірнеше көлікті қиратқан. Сақшылар бүкіл ел бойынша 3600-ден астам адамға 95 еуро айыппұл салды. Ал ел астанасы Амстердамда жым-жырт. Мұнда ойын-сауықтан көз ашпайтын тұтас бір ауданның көшелері бос қалған. Нидерландта коменданттық сағат Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл елде 9 ақпанға дейін кешкі сағат 9-дан таңғы 4 жарымға дейін далада бейсауат жүруге болмайды.

БЛИЦ:

- Коменданттық сағат мен үшін ауыр тиді. Себебі жаспын, жүріп-тұрғым келеді. Бірақ сонда да заңға бағынамын. Шектеу шараларынан оң нәтиже болады деп үміттенемін.