Амстердам әуежайында әлемдегі ең атышулы қылмыскерлердің бірі ұсталды

Әлемде есірткі тасымалдаушы ең атышулы қылмыскерлерінің бірі Амстердам әуежайында қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегі қытайлық Канада азаматы есірткі саудасынан жыл сайын 70 миллирд доллар тауып келген. Ол бірнеше жыл бойы Интерполдың халықаралық іздеуінде болған. Қылмыскерді Австралия полициясы да таба алмай жүріпті. Ол заңсыз табыс тауып, әлемнің ең ірі қалаларында казино ұстаған. Есірткі сатушы жақын арада Австралияға экстрадициялануы мүмкін.