Германиядағы Airbus зауытында коронавирус ошағы тіркелді

Германияда Airbus әуе құрылыс компаниясының 500-ге жуық қызметкері карантинге жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені Гамбург қаласындағы зауытта бірден 21 жұмысшы коронавирус жұқтырған. Бұл вирустың жаңа мутациясы ма, жоқ па – әзірге белгісіз. Айта кеткен жөн, Airbus – әлемдегі ең ірі әуе құрылыс компанияларының бірі. Ол Гамбург қаласындағы ең ірі жұмыс беруші саналады.