414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда екі апта бойы шахтада қамалып қалған кеншілер құтқарылды

  • 138
  • UPD: 09:38, 25.01.2021
Қытайда екі апта бойы шахтада қамалып қалған кеншілер құтқарылды

Қытайда жарылыстан кейін 2 апта бойы жер астында қалып қойған 11 кенші құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 қаңтарда елдің шығысындағы алтын өндіретін шахтада жарылыс болған. Салдарынан оған кіретін жолдарды тастар басып, 22 кенші қамалып қалған. Құтқарушылар тек бір аптадан кейін ғана жұмысшылармен байланыс орнатып, осы күнге дейін арнайы құрылғылардың көмегімен шахтаға тамақ пен дәрі-дәрмек түсіріп отырған. Бір кенші жарылыс кезінде басынан жарақат алып, көз жұмған. Қалған 10 жұмысшының тағдыры белгісіз. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған 650-ге жуық маман мен 400-ден аса техника тартылған. Ал, жарылыстың нақты себебі әзірге беймәлім.

Хабар 24 телеарнасы