АҚШ-та атыстан бес адам көз жұмды

АҚШ-тың Индиана штатында болған атыстан кем дегенде бес адам көз жұмды.

Оқиға Индианаполис қаласында болған, деп хабарлайды Associated Press.

Атыс болған жерге келген полиция қызметкерлері жарақат алған жасөспірімді анықтаған. Көп ұзамай полицияға көрші үйде де атыс болғаны хабарланып, ол жерден бес адамның денесі табылды.

Полиция кісі өлімі алдын ала жоспарланған деп отыр. Күдіктілер әлі қолға түскен жоқ. Қаскөй жалғыз болмаған деген болжам бар.

Сондай-ақ...