Ресейлік шебер бүлінген скейтбордтардан үй және сән бұйымдарын жасайды

Ресейде қолөнерде жаңа тренд қалыптасып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңаша кәсіптің негізін қалаған 29 жастағы Артем Шитков. Самара тұрғыны бүлінген скейтбордтардан үй және сән бұйымдарын жасайды. Тіпті Артем осы бағытта жеке компания құрып алған. Оның айтуынша, скейтбордтар көбіне Канаданың сапалы және қатты емен ағашынан жасалады. Сондықтан болар, бұл тауарлар экологиялық жағынан таза. Кейде сынған скейтбордтын тегін тапсырғандар одан жасалған затты естелік үшін сатып алатын көрінеді. Артем Ресейде біраз танылып қалған. Оған Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және басқа өңірлерден айына 250-дей скейтборд келеді екен. Тауарлардың бағасы әртүрлі. Арзаны 4, ең қымбаты 5 мың рубльге сатылады.

Артем Шитков, «Жаңарған скейтбордтар» компаниясының негізін қалаушы:

- Бұрын скейтбордты есім қалмай, тебетін едім. Өмір салтым болды десем артық емес. Бірақ кәсіби скейтбордшыға айнала алмадым. Тағы бір құмартқан ісім қолөнерді жақсы көрем. Басында менің заттарымды скейтбордпен айналысатындар ғана алатын шығар деп ойлағам. Бірақ клиенттерімнің көбі қарапайым адамдар.