Швейцарияда жұмыссыз қалған ұшқыштар машинист болады

Коронавирус пандемиясынан ең қатты зардап шеккен саланың бірі – авиация. Ұшақтар әуежайларда қаңтарылып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, мыңдаған ұшқыш пен бортсерік жұмыссыз қалды. Осы ретте Швейцарияда тың жоба қолға алынған. Мұнда жұмыссыз отырған ұшқыштарға жүрдек пойыздың машинисі болып қайта даярлаудан өту ұсынылды. Жоба авторларының айтуынша, қос мамандықтың ортақ тұстары көп. Оның үстіне қазір жергілікті темір жолда мамандар жетіспейді. Жалпы сарапшылар: «әуе тасымалы тек 2024 жылы ғана пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады» деп топшылап отыр. «Сондықтан бұл жоба Еуропаның өзге елдерінде де қолға алынуы әбден мүмкін», дейді.