Биыл дәстүрлі Венеция карнавалы алғаш рет онлайн өтеді

Күрделі эпидемиологиялық ахуалға байланысты биыл дәстүрлі Венеция карнавалы онлайн форматта өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді шара ақпанда әлеуметтік желідегі тікелей эфирде не Италияның жергілікті телеарнасынан көрсетіледі. Жалпы бұл шешім маскалар мен костюм тігетін шеберханалар үшін ауыр соққы болды. Сонымен қоса, тамақтану орындарының иелері мен такси жүргізушілері де қиын жағдайда қалғандарын айтады. Өйткені әдетте Венецияға карнавалды тамашалау үшін туристер көп келетін. Жалпы коронавирус салдарынан былтыр да әдетте 3 аптаға жалғасатын шара бар-жоғы 2 күн ішінде ғана аяқталып қойған.