SpaceX Жер серіктерінің рекордтық санын ұшырды

Илон Масктың SpaceX компаниясы бортында бірден 143 Жер серігі бар зымыран-тасығышын ұшырып, рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейінгі рекорд 2017 жылы тіркелген. Ол кезде Үндістанның ғарыш агенттігі бірден 104 аппаратты ұшырған еді. Бұл жолы орбитаға ұшырылған жер серіктерінің 10-ы шалғай аудандарды интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Қалғандары SpaceX компаниясының жеке клиенттерінің қажеттеліктеріне бағытталған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір ғана Жер серігін ұшыру құны бір миллион долларға бағаланады. SpaceX әр 4 ай сайын осындай жобаларды іске асырып отыруға ниетті.