Биатлоннан әлем кубогы. Қазақстандық қыздар үздіктер қатарынан көріне алмады

Қазақстандық қыздар үздіктер қатарынан көріне алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Италияның Антхольц қаласында биатлоннан әлем кубогы жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы эстафета өтті. Қазақстан атынан Елизавета Бельченко бастаған алтылық қатысқан еді. Жалпы есепте 14-орынға тұрақтады. Жарыста ресейлік спортшылар топ жарды. Олар нысана көздеуде мүлт кеткен жоқ. Соның арқасында қосымша айналымдар жасамай, 1 сағат 7 минут 32 секундта жарыс жолын бағындырды. Германия қыздары да барлық нысанаға дөп тигізді. Бірақ мәреге 11 секунд кешігіп жетті. Үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеді.

Сондай-ақ...