Қазақстандық спортшылар конькимен жүгіруден әлем кубогы үздік үштіктен көрінді

Қазақстандық спортшылар үздік үштіктен көрінді.

Дәл қазір Нидерландының Херенвен қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық құраманың үздіктері «Б» тобында өнер көрсеткен еді. Нәтижесінде, Екатерина Аидова мың метрлік сында топ жарды. Ол аталған аралықты 15.750 секундта бағындырды. Осының арқасында келесі әлем кубогында «А» тобында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса, қазақстандық Роман Креч мың метрлік бәсекеде үшінші орын алды. Ал, 500 метрлік сында «А» тобында сынға түскен Айдова 15-ші, Креч те 15-ші нәтижені тіркеді. Надежда Морозова 10-шы, Дмитрий Морозов 16-шы сатыға орналасты. Ресей, АҚШ және жергілікті спортшылар жарыс жеңімпазы атанып жатыр.