Мозамбикте дауылдан мыңдаған үй қирап, тұрғындар зардап шекті

Мозамбикте демалыс күндері соққан «Элоиз» тропикалық дауылы мен нөсер жауыннан мыңдаған үй қирап, 7 мыңнан аса адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан оннан астам тұрғын жарақат алды. Жауыннан елдің шығысындағы елді мекендерді де су басып жатыр. 135 мың гектардан астам егістік алқабы бүлінгені анықталды. Сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соққан желден, әсіресе, Бузи ауданының халқы қатты зардап шеккен. Бейра портты қаласын да су басып, жарық беру уақытша тоқтатылды. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.