Папуа-Жаңа Гвинеяда 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Британия аралындағы Папуа-Жаңа Гвинеяда 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Ұйым мәліметінше, зілзала ошағы 25 мың тұрғыны бар Кокопо қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Ал тереңдігі - 99 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.