WhatsApp 30 млн қолданушысынан айырылды

Танымал мессенджер WhatsApp қаңтар айының басынан бері 30 миллионнан астам қолданушысынан айырылды.

The Guardian мәліметінше, бұған қолданушылардың қосымшаның жаңартылған нұсқасына көңілі толмауы себеп.

WhatsApp басшыларының әрекеттерінің нәтижесінде қолданушылар Signal және Telegram-ға көше бастаған. Британ үкіметі комитетінің бағалауынша, үш аптаның ішінде Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллион адамға артса, Telegram-ға 25 млн адам қосылған.  

Осылайша WhatsApp Британияда көшірілу жағынан сегізінші орнынан түсіп қалды.