Гонконгта тұрғындардың пәтерлерінен шығуына тыйым салынды

Гонконг қаласының бірнеше ауданында қатаң карантин тәртібі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған мың тұрғынның екі күн бойы пәтерлерінен шығуына тыйым салынды. Осы мерзімде олар тестілеуден өтуі тиіс. Жергілікті билік ұзақ уақыт індеттің таралуына жол бермей, осы уақытқа дейін қатаң шектеулер енгізбеген болатын. Алайда қаңтар айында 160 адамнан коронавирус анықталып, қауіпсіздікті күшейтуге тура келген. Індет дендеген аумақта түнгі базар жұмыс істейді. Мамандар сол жерді коронавирустың ошағы деп болжап отыр.

Сондай-ақ...