Қытай тұрғындары ерекше құбылысқа куә болды

Күн райы әлем жұртын да әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбританияның біраз бөлігінде қалың қар жауып, вакциналау орталықтарының жұмысына кедергі келтірді. Қытайда қақайған аяздан Сайрам-Нұр көлінде мұз көпіршіктері пайда болды. Бұл құбылысты тамашалау үшін көлге келген адам қарасы көбейді. Ғаламшардың өзге бетіндегі Австралияда аптап ыстық орнады. Ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілді. 

ҰЛЫБРИТАНИЯДА ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Ұлыбританияның біраз бөлігінде қалың қар жауды. Салдарынан Оңтүстік Уэльсте вакцина жасайтын төрт орталық уақытша жұмысын тоқтатты. Жолда жүру қауіпті болғандықтан, екпе қабылдайтын азаматтардың келу уақыты өзгерді. Ел тұрғындары сирек жауатын қарға қуанған секілді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, саябақтарда қар атысып, шанаға мініп, сырғанап жүр.

Жергілікті тұрғын:

Балам өмірінде қарды алғаш рет көріп тұр. Балалар үшін бұл маңызды оқиға, әсіресе оқшауланып өмір сүріп жатқан осы қиын кезде.

КӨЛДЕ МҰЗ КӨПІРШІКТЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ

– Қытай тұрғындары ерекше бір құбылысқа куә болды. Сайрам-Нұр тұзды көлінің бетінде мұз көпіршіктері пайда болды. Бұған қатты аяз себеп болған. Қазір ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеген. Сирек кездесетін құбылысты көру үшін көл жағасына көптеген турист келеді. 

Сонг Йя, жергілікті тұрғын:

Олардың барлығы мінсіз таза. Керемет. Достарымызға көрсету үшін суретке түсіргіміз келеді.

ОРМАН ӨРТІ

Ал Жер шарының өзге бетінде орналасқан Австралияда аптап ыстық орнады. Ауа температурасы 40 градустан жоғары. Осының салдарынан Аделаида-Хиллс ауданында орман өртенді. Тілсіз жаумен кұреске арнайы жабдықталған 6 ұшақ жұмылдырылған. Жергілікті билік тұрғындарды үйлеріне шықпай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Дин Наррамор, Австралия Метеоролия бюросының бас маманы:

Кей аудандарда температура 40 градустан асып кетті. Мәселен, Лавертонда Цельсий бағамы бойынша 42 градусқа жетті. Өзге аймақтарда да аптап ыстық орнаған.

ТҮРКИЯНЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУДЫ

Түркияның Гиресун өңірінде де қалың қар жауды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл осы өңір үшін өте сирек құбылыс. 

Сондай-ақ...