Германияда аурухана қызметкерлеріне робот көмектесіп жүр

Мюнхен қаласының ауруханаларының бірінде бөлмелерді тазартып, еден жуатын робот пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франци есімді құрылғы қызметкерлерге көмектесіп, сөйлескен науқастардың көңілін көтеріп жүр.

Көгілдір көзді роботтың салмағы 200 келі, құны 43 мың еуро. Ол тоқтамай 10 сағат бойы еден жуа алады. Қуаттауға екі сағат уақыт кетеді. Сағатына бір литрден аз су жұмсайды. Ал еден жуатын қазіргі құрылғыларға 50 литр су қажет.