Вакцинаның әлем елдеріне теңдей бөлінбеуінің салдары қандай?

Коронавирусқа қарсы вакцинаның барлық мемлекеттер арасында теңдей бөлінбеуінің салдары әлемдік экономиканы 9 триллион доллар шығынға батыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша, қазір бай мемлекеттер жаппай екпе егу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатса, басқа елдер амалсыз күтуге мәжбүр. Осы ретте мамандар Халықаралық сауда палатасының жүргізген зерттеу нәтижелерін келтіріп отыр. Болжамдарға сәйкес, аталған 9 триллион доллар шығынның шамамен жартысы бай елдердің үлесіне тиесілі болмақ. Мәселен, вакцинаның теңдей бөлінбеуінен АҚШ экономикасы 1 триллион доллардан астам шығынға батуы ықтимал.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Бұл мәселені өткен аптада ғана қозғаған едік. Вакцинаның барлық мемлекеттер арасында теңдей бөлінбеуінің салдары ауыр болатынын айтқанбыз. Жаңа зерттеу нәтижелері де соны айғақтайды. Тіпті оның экономикаға салдары да болжанып отыр. Сондықтан екпенің теңдей бөлінуі – әр мемлекеттің мүддесі.

Сондай-ақ...