425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Израильде коронавирустың мүлдем жаңа мутациясы пайда болуы мүмкін – сарапшылар

  • 237
  • UPD: 11:34, 26.01.2021

Израильде әуе қатынасы уақытша тоқтатылып, карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған коронавирустың жаңа штамының тез таралуы себеп. Жергілікті мамандар анықталып жатқан вирустың жаңа түрі бұрынғыларынан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін деп отыр.

Израильде коронавирустың жаңа штамы тез тарап барады. Олардың сырттан келгені белгілі. Сондықтан вакциналау қарқыны бойынша көш бастап тұрған мемлекет билігі сақтық қамына кіріскен. Сөйтіп, Бен-Гурион әуежайы жабылды. Мұнда тек санитарлық ұшақтар, өрт сөндіру авиациясы мен аса қажетті жүк жеткізетін лайнерлер ғана қона алады. Ал басқа израильдік әуе компанияларының лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Біз Бен-Гурион әуежайын жабамыз. Ұшақтарға тек өте шұғыл жағдайда ғана ұшуға рұқсат беріледі. Біз вирустың түрлі мутацияларының таралуына жол бермеуіміз керек.

Әзірге вирустың жаңа мутацияларының қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Көбін оларды вакцина жеңе ме деген сұрақ мазалайды. Қазір Израиль тұрғындарына «Модерна» екпесі салынып жатыр. Ал бұл америкалық компания өкілдері препарат жаңа штамдардан да қорғайтынын айтады.

Нахман Эш, коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық штабтың басшысы:

– Біз карантин режимін ұзартуды талап етеміз. Шара жоқ дегенде ақпан айының соңына дейін енгізілуі керек. Әйтпесе індет жұқтыруды азайта алмаймыз. Қазір дертке шалдығып жатқандардың үштен бір бөлігі – балалар. Сондықтан оқу орындарын ашуға мүмкіндік болмай отыр. Жаңа штамм қаншалықты қауіпті екенін түсінбейінше шектеулерді ала алмаймыз.

Ресми дерекке қарағанда діндарлар арасында індет өршіп тұр. Науқастардың жартысы – балалар. Дерттің таралуының басты себебі – дінді ұстанушылардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауы. Осыған байланысты соңғы апталарда діндарлар тұратын аудандарда полициямен қақтығыс жиілеген.

Ал әскери барлаудың мәліметіне қарағанда Израильде коронавирустың тағы бір өзгерген түрі пайда болуы мүмкін. Жаңа вирус балалар арасында тез тарап, мемлекет оған төтеп бере алмай қалуы мүмкін дейді сарапшылар

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы