419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жер бетінде мұздықтардың еру жылдамдығы қауіпті көрсеткішке жетті

  • 301
  • UPD: 13:38, 26.01.2021
Жер бетінде мұздықтардың еру жылдамдығы қауіпті көрсеткішке жетті

Коронавирус пандемиясы соңғы жүз жылда болмаған ең ауыр экономикалық дағдарысқа әкеп соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ның бас хатшысы осылай деп отыр. Антониу Гутерриштің айтуынша, былтыр әлемдік экономика 4,3 процентке төмендеген. Бұл 2008-2009 жылдарғы дағдарыспен салыстырғанда, 2 жарым есе көп. Гуттериш сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинаның барлық елдер арасында теңдей бөлінбей жатқанын да тілге тиек етті. КОВАКС бастамасын қаржыландыруға шақырды. Бұл бастама кедей елдерді екпемен қамтамасыз етуге бағытталған.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Пандемия салдарынан қарапайым халық тұрмақ, мемлекет арасында да теңсіздік артып кетті. Жұмыссыз қалған әйелдер көбейді. Енді бізге халықаралық құқыққа құрметпен қарайтын бірыңғай жаһандық экономика қажет. Биыл бәрімізде пандемиядан қалпына келу үшін бірегей мүмкіндік бар. Ол үшін түрлі елдердің билігі, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам бірлесе әрекет етуі тиіс. 

Мұздықтардың еру жылдамдығы алаңдатарлық

Климаттың өзгеруі британдық ғалымдарды да алаңдатып отыр. Олардың баяндамасына сәйкес, жер бетінде мұздықтардың еру жылдамдығы қауіпті көрсеткіштерге жеткен. 1994-2017 жылдар аралығында 28 триллион тонна мұз еріп еткен. Мұның қаншалықты ауқымды екенін түсіндіру үшін мамандар мынадай салыстыру келтіреді. Айтуларынша, 28 триллион тонна бүкіл Ұлыбритания аумағын қалыңдығы 100 метр мұз басқанмен бірдей.

Хабар 24 телеарнасы