Еуроодақтың 10 еліне сапар шекпеуге кеңес берілді

Еуроодақ азаматтарына осы одақ құрамындағы 10 елге сапар шекпеуге кеңес берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тізімде Нидерланд, Португалия, Ирландия, Словения, Словакия, Кипр және Балтық теңізінің тағы бірнеше мемлекеті бар. Өйткені мұнда эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Яғни соңғы екі аптада 100 мың тұрғынға шаққандағы деректер саны 500-ден асады. Бірақ ұсынымдарға қарамастан аталған елдерге сапар шеккендер болса, оларға коронавирусқа тест тапсырып, 2 аптаға дейін карантинде отыруға кеңес берілді.