416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп жеке кеңсесін ашты

  • 208
  • UPD: 15:15, 26.01.2021
Трамп жеке кеңсесін ашты

Дональд Трамп Флоридада өз кеңсесін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның әкімшілігі Трамп мырзаға бұрынғы президент ретінде өз міндеттерін атқаруға, ресми іс-шараларды жүргізуге көмектеседі. Ақ үйдің бұрынғы басшысы қоштасу сөзінде саяси қызметін жалғастыратынын ескерткен болатын. Бірақ АҚШ Конгресінің өкілдері палатасы, импичмент бойынша дауыс беріп, тиісті құжатты Сенатқа жіберді. Сенат конгресмендері оны келесі айда қарауы тиіс. Дональд Трамп 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуыл кезінде жақтастарын бүлікке арандатты деп айыпталып отыр. Егер Сенат импичмент жариялау туралы үкім шығарса, Трамп мырза президенттікке өз кандидатурасын ұсынып, мемлекеттік қызмет атқара алмайды.

Хабар 24 телеарнасы