Павлодар облысында аязды жылы циклон алмастырады

Павлодардың коммуналдық қызметі соңғы күндері қала ішінен 3 мың тоннадан астам қар шығарды.

Облыс орталығын ақ ұлпадан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Бұл іске екі жүздей жұмысшы мен 168 арнайы техника жұмылдырылған. Қардың ең көп мөлшері өткен түнде түсті. Кей жерлерде оның қалыңдығы 14 миллиметрге жеткен. Ауа райын болжау орталығының мәліметіне сүйенсек, алдағы күндері облыс аумағында күн жылынады. Аязды Скандинавиядан келе жатқан жылы ауа алмастырады дейді мамандар.

Наталья Седелёва, синоптик-инженер:

– Ертең және одан кейінгі күндері облыс аумағында аздаған жауын-шашын түсіп, ауа температурасы жоғарылайды. Түнде -5 -10 градус, кей жерлерде 15 градус аяз болса, күндіз 2-7 градус аралығында. Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы осындай.