Эмомали Рахмон: Тәжікстан халқы коронавирустан толығымен арылды

Тәжікстан халқы коронавирустан толығымен арылды.

Бұл туралы президент Эмомали Рахмон мәлімдеді. Дегенмен, мемлекет басшысы тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге шақырды. Былтыр үкімет денсаулық сақтау жүйесін қолдауға 140 миллион доллардан аса қаражат бөлген. Елде 30 жаңа аурухана ашылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 15 күнде елде коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.