Жаркенттегі «Бөлек батыр» саябағының құрылысы мерзімінде бітпеген

Жаркент қаласындағы «Бөлек батыр» саябағын жаңғырту жұмыстары былтыр жыл соңында аяқталуы тиіс еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік бағдарламамен 250 млн теңгеден астам қаржы бөлінген нысан құрылысы әлі бітпеген. Мердігер мекеме өкілдері сегіз айдың ішінде балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын салғанын айтады. Қоршап, электр желісін тартып жарықтандырыпты. Асфальт төсеген. Қазір амфитеатр салынып, шахмат пен үстел теннисіне арналған орын жасалып жатыр. Бірақ ешбірі пайдалануға берілмеген. Сондықтан жаркенттік жасөспірімдер заманауи стрит-воркаут алаңында емес, ескі белтемірге тартылып жүр.

Блиц 1:

- Бізге тез-тез жаңасын жасап берсе жақсы болар еді. Өйткені бізге осындай ауа райында, батпақта ойнап жүрміз. Жаңасы болса, жақсы болса, жаңа спортшылар көп болады.

Блиц 2:

- Бұл жерде отыратын орындардың барлығы жасалып жатыр екен. Мүмкін қыс болғаннан кейін шығар. Басқа жағдайдың барлығы жасалған. Ал, «Бөлек батырдың» төңірегінде тазалығы да жоқ. Адам отыратын орын да жоқ.

Рахымжан Дауытов, мердігер мекеме өкілі:

- Мамыр айынан бастап футбол, баскетбол, волейбол алаңын жасадық. Пневмония болған, карантинге жабылған. Содан үлгермей қалдық.

Құрылысшылар «жұмыстың 90%-ін аяқтадық» дейді. Енді көктем шыға саябақты абаттандырып, ретке келтіреді. Жергілікті билік жұмысты мерзімінде аяқтамағаны үшін мердігер мекеме үстінен Талдықорғандағы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз түсірмек.