AstraZeneca вакцинасының тиімділігі күмән туғызды

AstraZeneca компаниясының өкілдері вакцинасын егде жастағы кісілерге қолдану тиімсіз деген ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазбаша түрде берген жауабында препаратының төмен тиімділігі жөнінде мәлімет шындыққа мүлдем сай келмейтіні айтылған. Ұлыбритания билігі бұл вакцинаны қарт адамдарға егуін құптағанын мәлімдеген. Таяуда Германияның кей ақпарат құралдары жасы 65-тен асқан адамдарда бұл препараттың тиімділігі тек 8%-тен аспағанын хабарлады. Еуроодақ бұл компаниядан вакцинаның 100 миллион данасын сатып алу жөнінде келісім жасасқан еді. Алайда өндірісінде туындаған мәселелерге байланысты мөлшердің тек жартысымен ғана қамти алады деген болжам айтылды.

Стелла Кириакидес, Денсаулық сақтау істері бойынша ЕО комиссары:

- Вакцина экспортына қатысты айқын ақпарат алғымыз келеді. Болашақта ковидке қарсы вакцина шығаратын Еуроодақтағы барлық компаниялар оны өзге елдерге экспортқа шығаратыны туралы алдын ала мәлімдеуі тиіс.

Сондай-ақ...