Индонезияда коронавирусқа шалдыққандар саны бір миллионнан асып кетті

Индонезияда коронавирус індеті дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, елде вирусқа шалдыққандар саны бір миллионнан асып кетті. Індет басталғалы 30 мыңдай адам қайтыс болды. Алайда сарапшылар «іс жүзінде бұл көрсеткіштер ресми статистикалық мәліметтен үш есе жоғары болуы мүмкін» дейді. Ел астанасы Джакартада шектеу шараларының мерзімі ақпанның сегізіне дейін ұзартылды. Индонезияға шетелдіктердің келуіне қаңтардың 28-іне дейін тыйым салынды.

Фенти Септиан, жергілікті тұрғын:

- Жағдай өте күрделі. Менің ойымша, жұрт не болып жатқанын білгісі келмейтін сияқты. Маска кию мен қол жуу секілді шаралар міндетті болуы керек. Бірақ ірі қалалардың өзінде де бұл ережелерді сақтамайтындар жетіп жатыр.