Пуэрто-Рикода төтенше жағдай жарияланды

Пуэрто-Рикода жыныстық тұрғыда жасалатын озбырлық тым жиілеп кеткендіктен, төтенше жағдай тәртібі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде әйелдер мен трансгендерді қастандықпен өлтіру саны күрт өскен. Төтенше жағдай тәртібі кем дегенде келесі жылдың ортасына дейін күшінде болады. Зорлыққа ұшыраған адамдарға қолдау көрсететін жаңа комитет құрылады. Олар көмек сұрай алатын ұялы қосымшаны шығару көзделіп отыр. Адам құқықтарын қорғайтын ұйымдардың мәліметінше, Пуэрто-Рикода шамамен апта сайын бір әйелді қастандықпен өлтіріп кетеді. Өткен жылы тұрмыстық озбырлықтан 5 мыңдай әйел зардап шеккен.