Өзбекстанда концерттер өткізуге рұқсат берілді

Өзбекстанда концерттер өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия осындай шешім қабылдады. Басты шарт – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы. Атап айтқанда, көрермендер бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға міндетті. Есесіне концерттік залдардың іші 50 процентке бос болуы тиіс.

Сонымен бірге жергілікті билік қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарына қойылған шектеуді де алып тастады. Енді мейрамханалар мен түнгі клубтар 23:00-ден кейін де жұмыс істей алады. Өткен жылдың қараша айынан бері көрші елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтып кету керек. Карантиндік шаралары сол себептен де жеңілдетіліп отыр.