Ұшатын таксидің ресейлік нұсқасы алғаш рет сынақтан өтті

Мәскеуде ұшатын таксидің ресейлік нұсқасы алғаш рет сынақтан өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аэротакси – бұл жолаушы тасымалдайтын дрон. Ол жалпы салмағы 300 келіден аспайтын екі адамды әуеге көтере алады. Машина арнайы жүйе арқылы басқарылып, қауіпсіздігі қадағаланады. Жолаушылар апаттан сақтайтын капсулада отырады. Өндіруші компания бұл жобаны 2025-жылы жүзеге асыруды көздеп отыр.