419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды

  • 145
  • UPD: 09:40, 27.01.2021
Жаңа Зеландия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды

Жаңа Зеландия жыл соңына дейін шетелдік туристерді қабылдамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, билік биыл шекараны ашпайтынын мәлімдеді. Елде коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу науқаны әлі басталған жоқ. Ол жылдың ортасына жоспарланып отыр. Сондықтан билік шекараны ашу халықтың денсаулығы мен экономика үшін қауіпті екенін айтады. Десе де премьер-министр биыл «ең болмағанда Австралия және Тынық мұхитының аралдық мемлекеттері арасында саяхат жасау мәселесін қарастырамыз» деп отыр. Айта кеткен жөн, Жаңа Зеландия коронавируспен күресте жақсы нәтиже көрсеткен елдің бірі саналады. Мұнда таяуда соңғы екі айда алғаш рет індетті жұқтыру дерегі расталды. 56 жастағы әйелде вирустың жаңа африкалық штамы анықталған. Науқас жуырда Еуропадан оралған.

Эшли Блумфилд, Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау қызметінің бас директоры:

– Коронавирустың жаңа мутациялары тез тарап бара жатқанын көріп отырмыз. Олар тек бір-екі өңірде ғана емес, әлемнің көп мемлекетінде тіркелді. Жаңа штамм бізде де анықталды. Қазір мамандар вирустың геномын тексеріп, тиісті зерттеулер жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы