Еурокомиссия вакцина экспортына бақылау орнатады  

«АстразЕнека» компаниясы ЕуроОдаққа жеткізетін вакцина көлемін 60 процентке қысқарту себебін ресми Брюссельге түсіндіріп бере алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл препарат осы аптада сертификатталуы тиіс. Бірақ биылғы жылдың бірінші тоқсанында аталған екпені жеткізу мерзімі кейінге шегерілді. Осыған байланысты Еурокомиссия ЕуроОдақ зауыттарында үшінші елдерге вакцинаны тасымалдауға қатаң бақылау орнататынын жариялады. Бұл бақылау барлық міндеттемелер орындалғанша күшінде болады. Бұл туралы Брюссельде Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі еурокомиссар Стелла Кириакидис мәлімдеді. Ол «Біреуге жеткізілмей тұрып, қанша доза өндірілетінін нақты білгіміз келеді» деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Pfizer компаниясы да ЕуроОдақ елдеріне жеткізілетін вакцина көлемін едәуір қысқартатынын айтқан болатын.

Стелла Кириакидес, Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі еурокомиссар:

– ЕуроОдақтан экспортталатын екпелерге қатысты келісімшарттардың анық болғанын қалаймыз. ЕуроОдақтағы COVID-19-ға қарсы вакцина өндіретін барлық компания болашақта үшінші елдерге қашан экспорттайтынын алдын ала ескертіп отыруы тиіс. Бұл гуманитарлық көмек аясында жеткізуге қатысты емес. ЕуроОдақ азаматтары мен құқықтарын қорғауға қажетті кез келген іс-әрекетке барады. Экспорттық бақылау тетігі қысқа мерзімде жасалмақ.

Сондай-ақ...