АҚШ Сенаты мемлекеттік хатшы лауазымына Энтони Блинкеннің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол Барак Обама кезінде ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшінің орынбасары қызметін атқарған. 2015-2017 жылдар аралығында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Джо Байденнің президенттік науқаны кезінде сыртқы саясат бойынша бас кеңесшісі болған. Кандидатурасын бекіту бойынша тыңдалым кезінде Энтони Блинкен Дональд Трамп әкімшілігінің сыртқы саясат бойынша маңызды сұрақтарын қайта қарастыруға уәде берді. Жалпы, айта кететін бір қызық жайт, АҚШ тарихында 6 рет мемлекеттік хатшылар кейін президент болып тағайындалған екен.