417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия шаруалары трактормен шеруге шықты

  • 118
  • UPD: 11:34, 27.01.2021
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты

Германиядағы шаруалар Берлинде шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ел астанасына трактормен келген. Ереуілшілердің талабы әртүрлі. Бірі отандық ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға қолдау сұраса, басқалары нитраттарды тоқтатып, олардың орнына биоөнімдер өсіруді талап етті. Бұдан басқа, шаруалар мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмектің індет кезінде берілмей жатқанын айтып, шағымданған. Олар ауыр техникамен орталық көшелерді жауып, көлік кептелісін тудыруға әрекеттенді. Сосын әрі қарай Табиғатты қорғау министрілігіне барды. Наразы топ билік талап-тілектеріне құлақ аспайынша, апта бойы үйге қайтпаймыз деп бекінген.

Ян Хеннингдиркс, шаруа:

– Бізге қолайлы жағдай жасайтын жаңа заңдер керек. Бұдан әрі төзе алмаймыз дегіміз келеді. Барлық тарап бір үстелдің басына отырып, әділ бәсеке, өнімдеріміздің бағасы, тыңайтқыштарды қолдану мен климатты қорғау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуі керек. Менің есебім бойынша, Берлинге мыңға тарта адам мен екі жүз трактор келді. Барлығы шаруасын тастап, бір уақытта жинала алмайды. Сондықтан жұмысты да істеп үлгеру үшін апта ішінде ауысып отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы