Нобель сыйлығын табыстау рәсіміне арналған зал вакциналау орталығына айналады

Швецияда Нобель сыйлығын табыстау рәсіміне арналған банкет залы вакциналау орталығына айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасында ауқымды ғимараттар мен спорттық нысандар медицина ұйымдарына қайта жабдықталып жатыр. Коронавирусқа қарсы екпе егу шарасы қарқын алған. Әдетте жалпы ауданы бір жарым мың метр болатын залда мәртебелі сыйлықты табыстау рәсімі өтіп, кейін банкет ұйымдастырылатын. Алайда қазіргі қажеттілік басқа. Пандемияға байланысты былтыр Нобель сыйлығының лауреаттары онлайн түрде марапатталған болатын.

Сондай-ақ...