Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды

Қырғызстанда бұрынғы премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «заңсыз баю» ісі бойынша тұтқындалған. Ол кезінде Президенттің кеңесші және Президент аппаратының жетекшісі болып жұмыс істеген. 2018-2020 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарды. Былтыр маусымда жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кеткен болатын. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен жылдың соңында қаржы полициясы экс-премьерге елден шығуға тыйым салған.