Индонезия президенті көпшілік алдында тағы екпе салдырды

Индонезия президенті көпшілік алдында коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде жаппай вакциналау екі апта бұрын басталған. Екпені ең бірінші болып президент алған еді. Бұл шара жергілікті телеарналарда тікелей эфирде көрсетілген. Енді, міне, Джоко Видодо препараттың екінші дозасын алып отыр. Жарты ай ішінде елде вакцина 250 мыңдай адамға салынған. Олардың дені – медициналық қызметкерлер. Жаңа деректер бойынша Индонезияда коронавирусты жұқтыру жағдайы бір миллионнан асып кеткен. Бұл – Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Джоко Видодо, Индонезия президенті:

– Соңғы уақытта вакциналау қарқынын арттырып келеміз. Мәселен, бір күнде 50 мың медицина қызметкеріне екпе салынды. Осыдан кейін шамамен ақпанның ортасында препаратты әскери қызметкерлер мен полицейлер қабылдайды.