427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Климат қалай өзгереді?

  • 173
  • UPD: 15:32, 27.01.2021
Климат қалай өзгереді? ТАСС

Британ ғалымдарының айтуынша, ғаламшарымыздағы мұздың еру жылдамдығы үрей тудыратын жағдайға жеткен.

Олар Жер шарындағы 2015 мың таулы мұздық пен Антарктида және Гренландияғы мұз қабатын, одан қалды мұхиттағы мұзды зерттеу арқылы осындай шешімге келген.

1994-2017 жылдар аралығында ғаламшарымыз 28 трлн тонна мұз жоғалтқан – бұл Британияны толықтай жауып тұратын қалыңдығы 100 метр мұз қабатына тең.

– Мұздықтардың еру жылдамдығы артып келеді, ал бұл дегеніміз – адамзатқа үлкен қауіп төніп тұр деген сөз, – дейді ғалымдар.

Хабар 24 телеарнасы